VocalCH белгішесі нені білдіреді?

VocalCH — EVOBOX жүйелеріндегі инновациялық функция, ол орындау барысында әншінің вокал партиясын басқаруға мүмкіндік береді. Оның көмегімен орындаушының дауысын қосып немесе өшіріп қана қоймай, оның дыбыс деңгейін де икемді түрде реттеуге болады: фондық сүйемелдеу үшін бәсеңдетуге немесе толыққанды дуэт үшін күшейтуге болады.

VocalCH ән айтудан жаңа әсер сыйлап, вокалдық мүмкіндіктеріңізді ашуға көмектеседі, өзіңізді әлемдік жұлдыздармен бір сахнада ән айтып тұрғандай сезінесіз.

VocalCH туралы жиі қойылатын сұрақтар

VocalCH не үшін қажет және оны қалай пайдалану керек?

VocalCH сізге сүйікті хиттерді орындаушымен бірге дуэтте айтуға мүмкіндік беру үшін жасалған. Бұл мүмкіндік тіпті ең күрделі әндерді тезірек меңгеруге көмектеседі және әрбір орындауды кәсіби әрі есте қаларлық етеді.

Оны басқару өте оңай:

  • Пультте: орындау кезінде «Соло» батырмасын пайдаланыңыз.
  • EvoNet және EvoControl қосымшаларында: плеердегі VocalCH белгішесін басыңыз немесе баптаулардағы «Соло» параметрін қолданыңыз.
VocalCH дыбыс деңгейі қалай реттеледі?

Сіз вокал дыбыс деңгейін жеке баптап, қажет болған жағдайда оны ән айту барысында оңай өзгерте аласыз: 

  • Бірқалыпты реттеу: вокал партиясының дыбыс деңгейін 0%-дан 100%-ға дейін дәл баптауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік EvoControl қосымшасының соңғы нұсқасында қолжетімді. Қолданбадағы слайдерді жылжытқанда экранда вокал дыбыс деңгейін көрсететін шкала пайда болады.
  • Сатылы реттеу:пульт арқылы немесе EvoNet смартфон қосымшасы арқылы басқарғанда қолданылады. Сіз «Тыныш» (вокал дыбысының 40%-ы) және «Қатты» (100%) деңгейлері арасында жылдам ауыса аласыз немесе вокалды партияны толық өшіріп, әнді жеке орындауды жалғастыра аласыз.
VocalCH туралы тағы не білу маңызды:
  • Іздеу ерекшеліктері: мұндай әндер үшін арнайы бөлек іріктеу қарастырылмаған. Белгілі бір композицияда VocalCH қолжетімді екенін теледидар экранындағы каталог интерфейсінде немесе EvoControl (планшеттерге арналған) және EvoNet (смартфондарға арналған) қосымшаларында осы атаудағы белгіше арқылы білуге болады.
  • «Соло» көмекші әуені: VocalCH қолдайтын композициялар үшін стандартты әуен-нұсқаушы («соло») қолданылмайтынын ескеріңіз. Оған енді қажеттілік жоқ, өйткені орындаушының вокал партиясы өзі-ақ негізгі бағдар болып, уақытында қосылуға және ноталарды дәл орындауға көмектеседі.
VocalCH қолдауы бар әндерді қалай табуға болады?

Караоке каталогында вокал партиясы бар мыңдаған жетілдірілген композициялар ұсынылған және олардың саны күн сайын артып келеді. Жалпы каталогта мұндай әндер арнайы белгішемен көрсетіледі — егер VocalCH белгішесін көрсеңіз, бұл композицияда вокал партиясы қолжетімді деген сөз.

VocalCH функциясына қалай қол жеткізуге болады?

Бұл функция EVOBOX желісіндегі барлық модельдерде қолжетімді. Оны пайдалану үшін (интернетке қосылу арқылы),бағдарламалық қамтамасыз етуді 3.2.4 немесе одан жоғары нұсқаға дейін жаңарту жеткілікті.

Жүйе жаңартуды қосылған кезде автоматты түрде ұсынады немесе оны қолмен іске қосу үшін: «Баптаулар» → «Жаңартулар» бөліміне өтіңіз.

Тоналдық өзгергенде не болады?

Назар аударыңыз: тоналдықты өзгерткен кезде VocalCH автоматты түрде өшеді. Бұл бүкіл композицияның тоналдығы дұрыс өзгеруі үшін және орындаушының дауысы табиғи күйінде сақталуы үшін қажет.

LiveFX пен VocalCH-ті бірге қолдануға бола ма?

Иә, біздің караоке-контентпен жұмыс істейтін бөлім екі эффекті де қатар қамтитын композицияларды шығарады. Бұл тамаша үйлесім береді: LiveFX арқылы жанды концерттің стадиондық атмосферасы және VocalCH арқылы кәсіби вокалдық қолдау, бір әннің ішінде бірігеді.