EVOBOX (Plus/Premium) караоке-жүйесінің пульті келесі себептерге байланысты жұмыс істемеуі мүмкін:
- батареялары таусылған;
- ульт караоке-жүйеден ажырап қалған;
- пульттің өзі немесе караоке-жүйе бұзылған.
Себебін анықтап, оны жою үшін келесі әрекеттерді берілген ретімен орындаңыз.
Біріншіден, батареяларды жаңасына ауыстырып көріңіз. Егер жағдай өзгермесе, келесі тармаққа өтіңіз.
Пультті караоке-жүйеге қайта қосайық, яғни оны синхрондайық. Ол үшін бірнеше қарапайым әрекетті орындау қажет:
1. Караоке-жүйені қосып, каталог экраны шыққанша күтіңіз.
* EVOBOX (Plus/Premium) караоке-жүйесінің қосылып, жүктелуі 60 секундқа дейін уақыт алуы мүмкін.

2. EVOBOX (Plus/Premium) құрылғысының қосу түймесін теледидар экранында нұсқаулық пайда болғанша басып тұрыңыз.

3. Пульттегі 0 және OK түймелерін бір уақытта, экранда көрсетілгендей, басып тұрыңыз (Bluetooth пультін караоке-жүйемен қайта синхрондау үшін).
Пультті караоке-жүйеге мүмкіндігінше жақын ұстаңыз.
МАҢЫЗДЫ!
Егер бірінші реттен нәтиже болмаса, караоке жүйесін қайта жүктеңіз (өшіріп, қайта қосыңыз) және тиісті түймелерді тағы бір рет басып тұрып көріңіз!

4. Осы экранды көріп тұрсыз ба?
ұттықтаймыз бәрі сәтті өтті.
ПӘн айтып, көңіл көтеріңіз!

Планшетіңіздегі пультты толықтай алмастыратын құрал
Егер сіз бұрын EvoControl қолданбасын пайдаланған болсаңыз, караоке жүйесін планшет арқылы үйреншікті режимде басқаруды жалғастыра аласыз. Қосы га интерфейсі физикалық пульттің барлық функцияларын толық қайталап, жүйені басқарудың барлық мүмкіндіктерін сақтайды.
Бұл режимді қосу үшін EvoControl мәзіріндегі тиісті белгішені басу жеткілікті. Осыдан кейін планшет экранында пульттің виртуалды нұсқасы пайда болады, оның көмегімен караокені тез әрі ыңғайлы басқаруға болады.
Егер пультті синхрондау сәтсіз болса, караоке жүйесін зауыттық баптауларға қайтаруды ұсынамыз.
Зауыттық баптауларға қайтару кезінде жүктелген барлық әндер мен орындау жазбалары сақталады, өзгерістер тек бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты болады. Жүйені қалпына келтіргеннен кейін пультті қосу интерфейсі алғашқы іске қосу кезінде автоматты түрде пайда болады.
ЕЕгер зауыттық баптауларға қайтарғаннан және пультті қайта синхрондағаннан кейін мәселе шешілмесе, Studio Evolution ресми сервистік орталығына жүгінуге кеңес береміз.