Караоке-жүйесін зауыттық баптауларға қалай қайтаруға болады?

Баптауларды қайтару — бұл караоке-жүйе параметрлерін бастапқы күйіне қайтару әрекеті.

Оны орындау үшін сізге қарапайым USB-флешка қажет.

БАСТАУ АЛДЫНДА МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Бұл әрекет сіздің медиафайлдарыңызға, сатып алуларыңызға және жеке конфигурацияларыңызға ешқандай әсер етпейді.

Караоке-жүйеде өзгеріссіз сақталады:

  • (EVOBOX Club үшін); сатып алынған барлық әндер және белсенді жазылымдар;
  • сіздің орындаған жазбаларыңыз;
  • жүйеге жүктеген фондық музыка;
  • вжеке фото және бейне фондар; 
  • «Сүйікті әндер» тізіміндегі әндер;
  • сүйікті әндерге арналған жеке баптаулар (тон, темп);
  • микрофон деңгейлері мен эффектілерінің баптаулары;
  • дбасқа да жеке баптаулар, мысалы: титрлердің орналасуы және т.б.

Қандай деректер жойылады?

Қалпына келтіруді растағаннан кейін Wi-Fi қосылымының баптаулары, интерфейс тілі және уақыт белдеуі өшіріледі.  
Қосымша түрде Bluetooth-ты караоке-жүйеге қайта қосу қажет болады. Пультті қосу бойынша нұсқаулық жүйені қалпына келтіргеннен кейін бірінші рет іске қосқанда теледидарыңызда көрсетіледі.

Қадамдық нұсқаулық:

1. Жинақтауышты дайындаңыз
Флешканы компьютерде FAT32 файлдық жүйесіне форматтаңыз.

2. Қызметтік маркер жасаңыз

Бос флешкада түбірлік каталогында (негізгі папкада) жаңа папка ашыңыз және оны evobox.reset деп атаңыз (міндетті түрде кіші әріптермен).

3. Жүйені дайындаңыз

Караоке-жүйені өшіріп, қуат ашасын розеткадан немесе құрылғының өзінен толық ажыратыңыз. 

4. ЗҚалпына келтіруді іске қосыңыз

Дайындалған флешканы жүйенің кез келген USB портына салыңыз, содан кейін ғана қуатты қосыңыз.

5. Аяқталуын күтіңіз

Жүйе автоматты түрде қалпына келтіру режимінде іске қосылады. Процесс аяқталғанша құрылғыны өшірмей, күте тұрыңыз.

6. Жүйені қайта баптаңыз

Автоматты қайта іске қосылғаннан кейін «Баптау шеберін» пайдаланып, пультті караоке-жүйеге қосыңыз, Wi-Fi желісіне қосылыңыз және ағымдағы уақыт белдеуін орнатыңыз.